Адамзат революция мен әлемдік соғыстарға лимитін өткен ғасырда-ақ бітірді - Н.Назарбаев

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат- Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев V Астана экономикалық форумына қатысты, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі. Форум жұмысына Нобель лауреаттары, «Жүз қазіргі заманғы ойшылдар» жаhандық рейтингісіне...


Толығырақ...

Тәуелсіздіктің өтпелі кезеңіндегі мәдени-рухани өмірдің сипаты

ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басы – жетпіс жыл бойы дүниені шиеленісте ұстап келген кеңестік империяның тарих сахнасынан кетіп, тағдыры мен келешегінің тізгінін өз қолына алған жас мемлекеттердің шаңырақ көтерген тұсы....


Толығырақ...
12

Адамзат революция мен әлемдік соғыстарға лимитін өткен ғасырда-ақ бітірді - Н.Назарбаев

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат- Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев V Астана экономикалық форумына қатысты, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі. Форум жұмысына Нобель лауреаттары, «Жүз қазіргі заманғы ойшылдар» жаhандық рейтингісіне қатысушылар, қазіргі және бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, әлемге танымал саясаткерлер, халықаралық ұйымдар мен аймақтық бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Әлемдік экономикалық трансформациялау жолдары туралы мәселе форумның басты күн тәртібіне айналды. Өз сөзінде Қазақстан Президенті Астана форумы мазмұны жағынан жаhандық даму проблемаларына «еуразиялық көзқарасты» кеңінен ретрансяторлаушыға айналып отырғанын атап өтті.

 

Ондай проблемалардың қатарына - көптеген дамушы мемлекетті қамтып, әлемдік әлеуметтік дағдарыс ретінде өсе түскен әлемдік валюталық-экономикалық дағдарыс жатады. Мемлекет басшысы сондай-ақ G-20 тобының құрылуы әлемдік экономикадағы реформа туралы диалог диапазонын тиісінше кеңейе түскеніне назар аударды. Сонымен қатар, «жиырмалықтың» дағдарысқа қарсы бірінші саммитінен кейін 4 жыл өткен соң мұндай формат қажетсіз екенін көрсетіп отыр. - Өткен жылдың соңында мен Астана форумы аясында біз G-GLOBAL деп атаған диалогтың жаңа форматын мақұлдауды ұсындым. Бұл идея саяси, сараптамалық және іскерлік топтардан кең қолдау тапты. Бірнеше айдың ішінде ғана Астана форумының ресми сайтында құрылған G-GLOBAL коммуникативтік Интернет-алаңында күн сайын кіргендер саны 40 есе артқан. Әлемнің 140 елінен 30 мыңнан астам пайдаланушы оның тұрақты қатысушысына айналды. Инновациялық дамудың, ядролық және экологиялық қауіпсіздіктің, этникааралық және дінаралық толеранттылықтың, геосаяси және өзге аспектілердің ауқымды проблемалары талқылануда. Басқа сөзбен айтқанда, G-GLOBAL көпполярлық әлемді әлеуетті біріктіретін идея ретінде бола алады, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстан - ядросыз әлем үшін қозғалыс көшбасшыларының бірі екенін атап өтті. - Қазақстан өз жолының табысты екенін іс жүзінде дәлелдеген ел ретінде, біздің өркендеуіміз және өзге елдің гүлденуі әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздік болмайынша мағынасыз екенін жете түсінеді. Әлем үздіксіз прогреске жылжуы үшін барлық мемлекеттерге арналған XXI ғасырдағы еркін әлемнің іргелі қағидаттарын міндетті түрде әзірлеу қажет.

Менің көзқарасымша, адамзат өркениетінің даму бағыты мен G-GLOBAL қағидаттары деп атауды ұсынып отырған мынадай бес қағидат негізінде қамтамасыз етілуі мүмкін, - деді Қазақстан Президенті. Бірінші қағидат - бұл революция емес, эволюция. Нұрсұлтан Назарбаев адамзат өткен ғасырда революция мен әлемдік соғыстарға лимитін бітіргеніне тоқталды. Екінші қағидат - бұл әділеттілік, теңдік, консенсус. XXI ғасырда елдердің ұлы және екінші қатарлы, жетекші және салмақты деп бөлінуі өркениетті түрде ескірді. Келешекте жаhандық шешімдер барлық деңгейде - БҰҰ, халықаралық үйымдар, аймақтық бірлестіктер, форумдар мен саммиттерде тек консенсус негізінде қабылданатыны маңызды. Үшінші қағидат - бұл жаhандық толеранттылық пен сенім. Қазақстан Президентінің пікірінше, геосаяси салмағы мен ықпалына, тарихи тәжірибесіне, экономикалық даму деңгейі мен қоғамына қарамастан мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар толерантты болуы тиіс. Төртінші қағидат - бұл жаhандық транспаренттілік. G-GLOBAL форматындағы әлем - бұл ұлттың транспаретті қоғамдастығы. Халықаралық істерде кең түрде ашықтық және мөлдірлік қажет. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және ЕҚЫҰ-ның Астана саммиті барысында барлық серіктестерін осыған шақырған XXI ғасырдағы әзірше жалғыз ел болып отыр. Бесінші қағидат - бұл сындарлы көпполярлық. - Көпполярлық әлемді құру - бұл XXI ғасырдағы жаhандық дамудың тренді. Мәселе полистер арасындағы өзара қарым-қатынас қандай болатындығында. Ол адал және тату көршілестік бәскелестік, әлемдік жарыс бола ма? Немесе әлем қатаң идеологиялық және саяси тайталастың, жаңа «жаппай қарулану» аренасына айнала ма? Ондай болса жалынсыз аймақтық шиеленістер ошағы қайта тұтануы мүмкін. Егер адамзат ядролық қаруды таратуға бақылау қоймайтын болса, онда халықаралық терроризм мен экстремизм тәуекелі күшейте түседі. Осы қауіп-қатерлерге жалғыз балама сындарлы көпполярлықты қалыптастыру болып табылады. Бұл биполярлық әлемнің жағымсыз мұрасы - блоксыз психология, геосаяси ұстаным мен қарама-қарсы жүйесін теңгеру болу керек. Онда геосаяси көрсеқызарлыққа орын болмауы тиіс. Онда қуатты ықпалдастық бірлестіктер бейбіт әрекет етіп, тығыз өзара іс-қимыл жасауы керек. Соның біреуі таяу келешекте Еуразиялық экономикалық одақ бола алады. Мен тек қана сындарлы көпполярлық әлем жаhандық экономиканың маңызды проблемаларын шешетініне және орнықты дамуға көшетініне сенемін. Мен Форумға қатысушыларды осынау G-GLOBAL қағидаттарын талқылауға шақырамын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы арнайы қуатты Интернет-портал құру туралы ұсыныс жасады. Оны G-GLOBAL идеясының басты құрамдауыштарымен саралау мақсатты екендігін атап өтті. Бұл «Ключи от кризиса» және «Пятый путь» мақалаларының негізіндегі әлемдік экономика мен валюталық жүйенің реформасы. Сөз соңында Қазақстан Президенті Астана форумына қатысушылардыhh Жаhандық дағдарысқа қарсы жоспарды әзірлеу үшін Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция өткізу туралы БҰҰ-на Үндеу қабылдауға шақырды. Сондай-ақ форум барысында жетекші экономистер, саясаткерлер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі. Атап айтқанда, Түркия Премьер-Министрі Реджеп Эрдоған бүгінде еуропалық және жаhандық экономикада даму қарқынының төмендеуі байқалып отырғанда, сенімділік пен тұрақтылық басты рөл атқаратынын атап өтті. Бұл өзара байланысты және өте маңызды сөз. Беріктік пен сенім жоқ жерде тұрақтылық та, даму да болмайды. Сенім инвестиция ағыны мен экономикалық дамудың басты факторы болып табылады. БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Ша Цзукан БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның құттықтау-хатын оқып берді. Онда, өз жұмысын бастағалы бергі соңғы бес жылда Астана экономикалық форумы барлық жаhандық проблемаларды сындарлы түрде талқылайтын, заманымыздың ең өзекті мәселелері талқыланатын әлемдік тұрғыдағы алаңға айналды. Бүгінде әлемде мемлекетаралық және қаржылық институттар арасында сенімсіздіктер баршылық, құқық теңсіздігі фактілері кездеседі, сондықтан бүгінде әділеттілік пен орнықты даму жолындағы ойға революция жасау қажет. Жаңа экономикалық модель жаңа әлеуметтік топты тарта отырып, экологиялық тұрақтылық пен әлеуметтік дамуға негізделуі қажет. Қаржы-экономикалық дамудың жаңа пардигмасы фискальдық, бюджеттік, мемлекетаралық, әлеуметтік және эколоиялық аспектілерді ескеру қажет, делінген. ГФР экс-президенті Хорст Кёллер әлемдік экономиканың тұрақсыз дамуы, әсіресе еуроаймақтағы елдерде, антропогендік факторларға байланысты екенін атап өтті. - Бүгін біз жаhандық проблемаларды шешу жөнінде ортақ көзқарастарды әзірлеуге тиіспіз. Біз моральдық-этикалық нормаларды негізге алуымыз керек. Этика экономикалық дамуды қалыптастыру кезінде бастысы болуы тиіс. Қоғам жеңіл табысқа алданып, бір сәттік табыс пен қаржылық игіліктің соңына түсіп, этика мен моральды елемейтін болған. Осының бәрі адамзатты тұйыққа тірейді, - деді Х. Кёллер. Өз кезегінде «ЭксонМобил» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директоры Рекс Тиллерсон бүгінде жаhандық экономика бірқатар бағыттар бойынша проблемаға кезіккеніне назар аударды. Бұл жұмыссыздықтың көбеюі, мемлекеттік қарыздың өсуі, рецессия және даму қарқынының бәсеңдеуі. - Мен оптимистік көңіл-күйдемін. Барлық осы проблема таяу уақытта шешіледі деп ойлаймын. Тұрғындар санының өсуі тұтынудың артуы мен сұранысты ынталандыруға мүмкіндік туғызады. Экономика мен өнімділіктің артуы энергоресрустарды дамытуға, инновация мен технологиялық дамуды ынталандыруға мүмкіндік береді. Жалпы, мемлекеттік институттар мен бизнес қоғамдастығы арасындағы тығыз және өзара тиімді диалогты одан әрі жақсарту қажет, - деді Р.Тиллерсон. Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделлдің пікірінше, американдық доллар мен еуроның тұрақты және теңдестіруші бағамы орнықты жаhандық қаржы жүйесінің кепілі болмақ. АҚШ еуроны сатып алуы қажет, ал Еуропалық одақ өз кезегінде долларды сатып аулары керек, сол арқылы әлемдік қаржы жүйесін тұрақтандырып, орталық жаhандық жауапкершілікті көрсетеді. Бұл жүйеге көзі жеткенде кытай юаны қосылуы мүмкін. Өзара күш салудың қорытындысында 20 жылдан кейін жаңа валюта құрылуы мүмкін, ол бір елдің немесе аймақтың валютасы болуы міндетті емес. Бұл жерде мен Назарбаев мырзаның пікірімен және оның императивімен келісемін -Жаhандық әлемге - жаhандық валюта керек, - деді Р.Манделл. Талқылау барысында Мемлекет басшысы форум модераторының Қазақстанда дағдарысқа қарсы қандай қорғану тетіктері бар деген сауалына жауап берді. Нұрсұлтан Назарбаев өз жауабында әлемдік экономиканың тұрасыздық жағдайында еліміз экономиканың даму қарқынын қолдау жөнінде шаралар әзірлегенін айтып өтті. Бұл ретте тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейін қолдау, азаматтардың түрлі санатына әлеуметтік көмек көрсету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүзеге асырылады. - Әлемдегі жағдай нашарлаған кезде Қазақстан Үкіметі тарапынан «Б» жоспары деп аталатын экономиканы тұрақтандыру жөнінде шаралар дайындалды. Жалпы, бүгінде біздің алдымызда таяу бес жылдың ішінде кіріс деңгейі жоғары елдер тобына кіру міндеті тұр. Бұл үшін біз экономиканың өсу қарқынын жылына кемінде 7 пайызға қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл міндетті орындауға біздің күшіміз жетеді. Біз алға қойған міндеттер бойынша жетістікке жету мақсатында экономиканы әртаратандыру, инновацияны құраушы өндірісті ынталандыру жөнінде саясат жүргізілуде. Сонымен қатар, тұтыну және қаржыны орынды жұмсау саясаты байыпты қаржылық әлеуетін шоғырландыру арнайы Ұлттық қорды құруға мүмкіндік берді. Осылайша біз бүгінде әлемдік экономикадағы кезекті рецессия жағдайына қарсы сенімді қауіпсіздік шарасын қарастырып қойдық, - деді Қазақстан Президенті. Автор: Н. Нурахмет

Біздің журнал

FacebookTwitterMixxVimeo

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30