Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖУРНАЛДАРЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында 1946 жылдан бастап 8 журналдың құрылтайшысы:
Шығарылып жатқан ғылыми журналдар сонау өткен ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдардың өзінде-ақ өзге де кеңестік журналдармен бірге жоғары рейтингілік ғылыми журналдардың халықаралық тізіліміне кірген. Содан бері АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония және т.б. 73 шетелдік мемлекеттердің ірі кітапханаларына жөнелтіп отырады. Бұл журналдар халықаралық талаптарға сай шығарылып тұрады және Қазақстан ғылымының бет әлпеті.
Журналдардың редакторлары – Қазақстанның ірі ғалымдары, ал редакциялық алқасының құрамында тек Қазақстанның ғалымдары ғана емес, сондай-ақ, ТМД-ң және шетелдің атақты ғалымдары, академиктер мен мүше-корреспонденттер бар.
ҚР ҰҒА журналдарында ғылыми мақалалар мен жазбалар, техникалық және қоғамдық ғылымдардың әртүрлі салалары бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері жөнінде шұғыл хабарламалар жарияланып тұрады.
Ғылыми мақалалардың авторларының арасында – ҚР ҰҒА 140-тан астам академигі, ҚР ҰҒА 100-ден аса мүше-корреспонденттері және т.б. бар.
Соңғы жылдары журналдардың таралымы бірнеше есеге көбейді, ал қазіргі таңда олар Қазақстанның көптиражды ғылыми журналдарының біріне жатады. Сонымен қатар жоғарыда айтылған журнал талаптарына сай, өз мақалаларын жариялай алады: Шетел ғалымдары, академиктер, мүше-корреспонденттері, оқу мекемелерінің профессорлары, ғылым докторлары мен кандидаттары, РhD докторанттар, магистранттар, студенттер, үкіметтік ұйым қызметкерлері, заң шығарушы билік өкілдері, халықаралық ұйымдар қызметкерлері, бизнес-қауымдастық өкілдері; Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси және экономикалық үрдістерді зерттеумен айналысатын отандық және шетелдік зерттеу орталықтары.
ҚР ҰҒА nauka-nanrk.kz, library.kz, rmebrk.kz/ интернет сайттарында журналдың электронды нұсқасы жарияланып тұрады. Ғылыми журналдарда жарияланатын материалдардың электронды нұсқасын тек Қазақстандық оқырмандарға ғана емес, алыс және жақын шетел оқырмандарына да қол жетімді. Бұл айтылып отырған журналдарда мультимедиялқ және әлеуметтік технологиялар арқылы ҚР Президенті Аппаратының, Үкіметтің, ҚР Парламентінің бекіткен барлық бағдарламалық құжаттарды басшылыққа ала отырып, еліміздің ғылыми өмірінің өзекті мәселелерін қозғайды.
Бүгінде осы журналдарға халықаралық дәрежеге сай болуы мен Elsеvier «Scopus» журналдарының авторларымен кездесулер мен семинарлар ұйымдастырылып, халықаралық жоғары деңгейдегі журналдар қатарына қосылу жолында жұмыстар жасалуда.